ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2020 жылы форумдар мен конференцияларға үш миллиард теңге жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2020 жылы форумдар мен конференцияларға үш миллиард теңге жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2020 жылға сауда және интеграция министрлігі бірқатар форум, дөңгелек үстел мен конференция өткізуді жоспарлаған. 8-11 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 12-ші министрлік конференциясы өтеді. Іс-шара аясында шетелдік инвесторлар кеңесі, Астана экономикалық форумы, Парламентаралық конференция және бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ҚР Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығы мен "Қазақстанның Үздік Тауары" республикалық көрме байқауы жоспарланып отыр. Аталған шараларға бюджеттен үш миллиард теңге бөлінді.
Ведомство шығындарды қысқартып, оңтайлы шешім қабылдады. Әзірге іс-шаралар санын қысқарту есебінен шығындарды 120 миллион теңгеге төмендету ойластырылып отыр.
"Барлығы Қаржы министрлігіне оңтайландыруға бағытталған: 31 семинар, бір форум, 45 дөңгелек үстел, 13 кеңес. Аталған шаралардың негізгі бөлігі өтеусіз негізде немесе үнемдеу есебінен жүргізіледі", - деді министрлік өкілдері.
Бюджетті қысқарту жоспарланып отырған іс-шаралар арасында:
Аккредиттеудің 15 схемасын енгізу бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер;
ҚР Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығын алуға арналған конкурстың ұйымдастыру іс-шаралары";
"Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме конкурсы, сәйкестікті бағалау саласында өңірлік (салалық) семинарлар өткізу; Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың қатысуымен форум ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қымбат көлік сатып алуға және түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялау туралы ұсыныс жасаған болатын.