03 ақпан 2020 17:28

Түркістан облысында суға батқан баланы құтқару сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

2 ақпанда сағат шамамен күндізгі 16:50-де Жетісай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғындардың бірінен жасөспірім бала суға ағып бара жатқаны туралы хабар түскен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


2 ақпанда сағат шамамен күндізгі 16:50-де Жетісай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғындардың бірінен жасөспірім бала суға ағып бара жатқаны туралы хабар түскен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Хабарлама түсе салысымен полиция қызметкерлері оқиға орнына аттанды. Қызметтік көлігіне мінген полицейлер небәрі 3 минутта сол жерге жеткен. Жетісай аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы, полиция капитаны Марат Нұрымбетов бірден суға сүңгіп кетеді. Тездетіп жүзіп барып, ағып бара жатқан 12 жастағы баланы ағысы қатты судан аман-есен құтқарып қалған.

"Полиция бөлімінен енді ғана шығып, көлігіме бара жатқан болатынмын. Суға ағып бара жатқан адам туралы хабарлама түскен екен, маған рациямен тездетіп хабар берілді. Еш ойланбастан әріптесіммен бірге көліктің дабылын қосып алып, сол жаққа қарай тарттық. Бар ойымыз адамды аман алып қалу. Каналдағы су көтеріліп, арнасы толып тұрған болатын. Жеткен кезде көліктен шығып, киімімді шештім де суға сүңгіп кеттім. Баланың ағып бара жатқан жағына қарай алдынан шығып ұстап қалу үшін, барымды салып жүзе бастадым. Осылайша баланы құтқардым. Бастысы бала аман!", - деді полицей.

12 жастағы баланы судан алып шыққаннан соң, полицейлер уақыт жоғалтпастан бірден қызметтік көлікке салып, Жетісай аудандық орталық ауруханасына жетем дегенше алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Бала су жұтып қойғандықтан оның кеудесінен басып, суық судан мұздап қалған денесін уқалап көмек көрсеткен. Бүгінгі таңда баланың денсаулығына еш зиян жоқ. Алғашқыда жансақтау бөліміне жатқызылған еді, қазіргі уақытта палатаға ауыстырылған.

Өз кезегінде ерлік жасаған полицейге жасөспірімнің ата-анасы шынайы алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети