30 қыркүйек 2022 | 11:56

Ұлттық банк жаңа дизайндағы 20 мың теңгелік банкнотты айналымға шығарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

1 қазанда Ұлттық банк номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.


1 қазанда Ұлттық банк номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Банкнот айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған. Мысалы, бет жағында көбіне тігінен орындалған бейнелер, сырт жағында көлденең орындалған бейнелер орналасқан. Дизайны номиналдың голографиялық бейнесі тігінен орналасқан металсыздандырылған жолақты қолдана отырып жасалған", - делінген хабарламада.

Банкноттың 25 қорғаныш элементі бар, мөлшері 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.

Бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, "Қазақ Елі" монументі, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы, "Басқұр" қазақ ұлттық ою-өрнегінің фрагменті және Тәуелсіздік жылдарын білдіретін "30" саны бейнеленген.

Банкноттың екінші бетінде Астананың және Ақорда резиденциясының панорамалық көрінісін көруге болады.

Номиналы 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкнот өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға жатады.

Жаңа купюра "Қазақ Елі" сериясымен ұсынылған қазіргі таңда айналымда бар 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік номиналдағы банкноттардың қатарын толықтырады, делінген ҰБ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Путин Астанаға келеді

Валюта бағамы

 491.74   530.25   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети