Ұлттық банк өкілдері жалған купюраны қалай анықтауға болатынын айтып берді

27 Қаңтар 2017, 10:29
0
Ұлттық банк өкілдері жалған купюраны қалай анықтауға болатынын айтып берді - Қолданушылар екі 10 мыңдық купюраның суретін таратып жатыр.
Қолданушылар екі 10 мыңдық купюраның суретін таратып жатыр.

Ұлттық банк өкілдері жалған купюраны қалай анықтауға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық Банктің Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Тоғжан Әбішеваның айтуынша, барлық қолдан жасалған үлгілер түрлі-түсті принтерлерде және кәдімгі офсеттік қағазда жасалады және оларды арнайы касса техникасы арқылы оп-оңай анықтауға болады. Банк терминалы мұндай банкнотты қабылдамайды, себебі техника арқылы тануға болатын арнайы белгілер бойынша танып біледі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылы Ұлттық Банкке 10 744 680 теңге сомаға 3 469 күмәнді ақша белгісі сараптамаға келіп түсті, олардың ішінде 2 067 070 теңге сомаға 928 ақша белгісі қолдан жасау белгілері бар деп танылды. Ал 2015 жылмен салыстырғанда жалған ақша белгілерінің саны 145 данаға азайды.

"Негізінен орта номиналдағы банкноттарды қолдан жасайды, себебі олар айналыста кеңінен таралған және оларға баса назар аудармайды. 2016 жылы Ұлттық Банктің сарапшылары 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік 261 банкнотты (анықталған қолдан жасалған банкноттардың жалпы санынан 28 пайызы), 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік 155 банкнотты (анықталған қолдан жасалған банкноттардың жалпы санынан 16 пайызы) анықтады", – деп нақтылады Тоғжан Әбішева.

Оның айтуынша, теңгені көбінесе лазерлік принтерді қолдана отырып қолдан жасайды. Сондай-ақ, ол бір бөлігі түпнұсқа, ал екіншісі ағынды принтерде басып шығарылған екі желімделген бөліктен тұратын қолдан жасалған банкноттардың сирек кездесетінін айтты.

"Бұл ретте ағынды принтердің көмегімен басып шығарылған банкноттың бөлігінде ультракүлгін қорғаныш болмайды, ал жарыққа тосып қараған кезде екі бетін желімдегеннен айқын із көрініп тұрады,  - деп атап өтті. - Сонымен қатар 2016 жылы 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды қолдан жасаудың жаңа түрлері пайда болды. Бұл банкноттар ағынды принтерде басып шығарылды. Қорғаныш жібі және "Спарк" элементі жылтырағы бар тырнаққа арналған лакпен салынған", - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, Ұлттық Банкте жалған теңгені анықтау үшін "Сезін-қара-аударып көр" әдісі қолданылады. "Алдымен банкнотты сезіну қажет. Банкнот қағазы ерекше шытырлайды. Бұл банкнотты шығаруға жасалған арнайы қағаз. Барлық банкнотқа банкноттың өзіне бедер беретін арнайы мөр қойылған. Бұл - саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын шығыңқы жоғары бедерлі элементтер. Содан соң, оның айтуынша, банкнотқа мұқият қарау қажет. Алдымен қараған кездегі жалпы әсер қалыптастырылады: ақша белгісі таза, айқын, қарама-қарсы немесе лас емес пе, дақтары немесе аққан бояулары бар ма, жоқ па", - деді Тоғжан Әбішева.

Банкнотты жарыққа тосып қараған кезде көп ақпарат алуға болады, бұл сутамғы белгілерге қатысты – ағымдағы серияда бұл мифтік танымдағы "Самұрық" құсы, номиналдың цифрлық бейнеленуі. Демек, ол жалған ақша белгілерінде болатын айғыздалған сурет емес, нақты бір сурет, - деп жалғастырды ол  - сол сияқты қағаздың бетінде жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде көрінетін, жазуы бар пунктирлер - тұтас магнитті және үзік-үзік (металл) жіпті көру қажет. Соңғы әдіс - "Аударып көр". Банкноттарда түсі өзгеретін арнайы бояумен салынған бейнелер болады, банкноттарды аударған немесе көлбеу бұрышын өзгерткен кезде олардың түсі жасыл түстен алтындатылған түске дейін өзгереді. Әңгіме СПАРК элементі жайында болып отыр", - деді банк өкілі.

Сондай-ақ, Әбішева Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" 231-бабына сәйкес, ақша қаражатын қолдан жасаумен байланысты қылмысты жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделгенін еске салды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай