Ұлттық банк теңге бағамын қолдауға 54,5 миллион доллар бөлді

06 Қазан 2015, 12:01
0
Ұлттық банк теңге бағамын қолдауға 54,5 миллион доллар бөлді -  © REUTERS
© REUTERS

5 қазанда Ұлттық банк 54,5 миллион долларға интервенция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, 2 қазанда 106,5 миллион долларға кезекті рет интервенция жүргізілген болатын.

Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті.

Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай