Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық банк теңге бағамын қолдауға тағы ақша бөлді

05 Қазан 2015, 11:31
4
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк теңге бағамын қолдауға 2 қазанда 106,5 миллион долларға интервенция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, 1 қазанда 119,9 миллион долларға кезекті рет интервенция жүргізілген болатын.

Бұған дейін 30 қыркүйекте 225 миллион долларға, 29 қыркүйекте - 137,5, 21 қыркүйекте - 213,1, 18 қыркүйекте - 67,2, 17 қыркүйекте - 270 және 16 қыркүйекте 144 миллион долларға интервенция жүргізілді. Осылайша жүргізілген интервенциялардың жалпы көлемі 1,28 миллиард долларға жетті. Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті.

Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай