1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Қаржы-қаражат

Ұлттық қордың активтері миллиард долларға төмендеген 08 ақпан 2021, 15:09

Алдын ала деректер бойынша, Қазақстанның Ұлттық қорының валюталық активтері жыл басынан бері миллиард долларға төмендеген, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алдын ала деректер бойынша, Қазақстанның Ұлттық қорының валюталық активтері жыл басынан бері миллиард долларға төмендеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабековаға сілтеме жасап.

"Қаңтардың соңындағы алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың валюталық активтері жыл басынан бері бір миллиард долларға төмендеп, 57,7 миллиард долларды көрсетті. Ұлттық қор көлемінің төмендеуінің негізгі себебі бюджетке трансферттер бөлу болды, олардың көлемі 381 миллиард теңге, бұл 900 миллион долларға тең", - деп хабарлады Молдабекова.

Оның айтуынша, валюта нарығында 720 миллион доллар сатылды, бұл шамамен 300 миллиард теңгеге, ал трансферттердің қалған бөлігі теңгелік шоттағы қалдықтар есебінен жүзеге асырылды, олар негізінен 2020 жылдың соңғы екі айында Ұлттық қорға түскен түсімдер есебінен қалыптасқан.

"Қаңтардың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісі минус 340 миллион долларды немесе минус 0,6 пайызды көрсетті. Оның ішінде шамамен 150 миллион доллар акциялар портфелін төмендетуге және 140 миллион доллар дамыған елдердің облигациялар портфелін төмендетуге тиесілі", - деп түсіндірді Молдабекова.

Оның айтуынша, негізгі себептер қаңтарда MSCI World дамыған елдердің жаһандық акциялар индексінің бір пайызға төмендеуі мен дамыған елдердің облигациялар индексі бойынша кірістің минус 0,43 пайызды көрсетуі болды.

Алайда ақпанның басында акциялар нарығы қалпына келе бастағаны байқалады және ақпанның алғашқы бес күнінде ұлттық қордың инвестициялық кірісі 440 миллион долларға жетіп, қаңтардағы құлдырауды жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!