16 сәуір 2020 | 15:01

Зейнеткерлер мен студенттерге және АӘК алатындарға 42 500 теңге беріле ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 13 сәуірде мүгедектер, зейнеткерлер және АӘК алатын тұлғалар қандай жағдайда 42 500 теңге төлемақы ала алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 13 сәуірде мүгедектер, зейнеткерлер және АӘК алатын тұлғалар қандай жағдайда 42 500 теңге төлемақы ала алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің құрметті зейнеткерлеріміз бен мемлекеттік жәрдемақы алушылар туралы айтсам... Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы төтенше жағдай режимі енгізілгенімен тоқтаған жоқ. Олар алып жатыр. Бұл санатта 4 миллион адам бар - ол 300 миллиард теңге, ай сайын оларға төлеп отырмыз", - деді Нұрымбетов.

"Сіздер 42 500 теңге алатындардың санатына жатпайсыздар. Бірақ зейнеткер, мүгедек адам немесе мемлекеттік жәрдемақы алатын басқа тұлғалар ТЖ режимі енгізілгенге дейін ресми түрде жұмыс істеген болса, сіз үшін жұмыс беруші не өзіңіз БЖТ төлеген болсаңыз, мұны ескереміз. Біздегі зейнетақы мен жәрдемақы көп емес, сондықтан қосымша ақша тапқыңыз келді, мұны ескереміз. Және сізге 42 500 теңге төлемақы береміз", - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын барлық адамға 42 500 теңге алуға болады.

"Мен атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар туралы бөлек айтқым келіп тұр - сіздер үшін шектеу жоқ. Біз үнемі АӘК - зейнетақы емес, мемлекеттік жәрдемақы емес екенін айтып келеміз. Бұл - көмек. Сондықтан кез келген АӘК алатын адам өзі үшін шешу керек: ресми не бейресми түрде жұмыс істедіңіз бе, 42 500 теңге өтінім бере аласыз. Егер сіз бейресми жұмыс істесеңіз, бір рет БЖТ жасап, өтінім бере аласыз", - деп түйіндеді Біржан Нұрымбетов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети