28 наурыз 2023 12:15

Абзал Бейсенбекұлы қаржы вице-министрі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Абзал Бейсенбекұлы қаржы вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.


Абзал Бейсенбекұлы қаржы вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

"Үкімет қаулысымен Бейсенбекұлы Абзал Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін (Ұлыбритания), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген. "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері, 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде бастаған.

2008-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларының орындалуын жоспарлау, талдау және іске асырылуын бағалау департаментінде жұмыс істеген.

2011-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде сарапшы, консультант, инспектор, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.

2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін жеке және квазимемлекеттік секторларда басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети