Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды Айжан Шайназарова. Фото: primeminister.kz

Айжан Шайназарова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастаған.

1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы. 

2001-2004 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы. 2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында - ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы болған.

2004-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +21
Ақтау +31
Ақтөбе +29
Атырау +34
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +21
П
Павлодар +25
Петропавл +30
С
Семей +31
Т
Талдықорған +32
Тараз +31
Түркістан +32
О
Орал +31
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер