24 мамыр 2023 15:02

Алматы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Шаханов Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бейбіт Шаханов Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Бейбіт Шаханов тағайындалды", - делінген хабарлмада.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін; Қазақ мемлекеттік заң университетін; Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын; Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.

2015-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері Комитетінде жұмыс істеген.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети