Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды. Ол "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев болды", - делінген хабарламада.
2014 жылғы қарашадан бастап Астана әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарған: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б. Соңғы жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!