14 ақпан 2022 12:41

Берік Уәли "Қазақстан" корпорациясының директорлар кеңесін басқарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берік Уәли "Қазақстан" корпорациясының директорлар кеңесінің басшысы болып сайланды. Бұл туралы корпорация сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Берік Уәли "Қазақстан" корпорациясының директорлар кеңесінің басшысы болып сайланды. Бұл туралы корпорация сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесі мүшелерінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Қазақстан" РТРК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.

Берік Уәли 1977 жылы туған. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын "Кинотанушы" мамандығы бойынша, сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Журналистика" мамандығы бойынша магистратурасын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Таң" телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының корреспонденті болып бастаған, "НТК" телеарнасының шығарушы редакторы, "31-арнада" жауапты және бас редактор, "Хабар" агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жетекші, Qazaqstan телеарнасының "1-студия" ток-шоуының жүргізушісі, "Нұр Медиа" сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді. Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, "Нұр Медиа" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, министрдің кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети