08 қараша 2023 12:35

Бұрынғы вице-министр Шымкент әкімінің орынбасары болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Шымкент әкімінің орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Шымкент әкімінің орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Сәрсен Абайұлы Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін философия пәнінің, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы "№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.

2003–2023 жылдар аралығында жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети