13 сәуір 2021 15:01

Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәулет Кәрібек. Фото: gov.kz Дәулет Кәрібек. Фото: gov.kz

Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"Президент Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген.

Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернатын, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы бакалавр дәрежесін, 2014 жылы магистр дәрежесін, 2018 жылы PhD дәрежесін алған.

Еңбек жолын Астана қаласы Алматы ауданы Jas Otan жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары болып бастаған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының Team Qazaqstan жастар қанатын басқарды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

2021 жылдың қаңтарынан бері Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Президенттік жастар кадр резервінде тұрады, Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.

жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети