Ерлан Ақбаров Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Ерлан Ақбаров Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ерлан Ақбаров Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы бойынша, Ерлан Есенәліұлы Ақбаров Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген primeminister.kz сайтында.

Ерлан Есенәліұлы Ақбаров 1975 жылғы 25 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қарағанды техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Жаңаөзен қаласындағы "ӨзенМұнайГаз" АҚ-да оператор болып бастаған.

2002-2005 жылдары "Қазбұргаз" АҚ-да инженер-геолог болып жұмыс істеген. Әр жылдары жекеменшік компанияларда қызмет еткен.

2018 жылғы қаңтардан 2019 жылғы сәуірге дейін – "Алматы қаласындағы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" РММ басшысының орынбасары.

2019 жылғы сәуірден бастап – "Алматы қаласындағы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" РММ басшысы. 

2020 жылғы маусымнан 2021 жылғы маусымға дейін – "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2021 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін жекеменшік секторда жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer