27 қыркүйек 2024 | 16:22

Головкин ҰОК жаңа бас хатшысын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz Фото: olympic.kz

Бүгін Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс жиыны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс жиыны өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ҰОК басқарушы органының отырысына Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР спорт және туризм вице-министрі Серік Жарасбаев, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша 33 Ұлттық спорттық федерациялардың өкілдері қатысты.

Геннадий Головкин спортшылардың Париж Олимпиадасындағы жетістіктеріне тоқталып, жарыс циклінің әлі де жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі жазғы ойындарға дайындықты қазірден бастау керектігіне назар аударды.

Бас Ассамблеяның күн тәртібінде қаралған сұрақтардың бірі – жаңа бас хатшыны сайлау. Геннадий Головкин Әлімжан Ақаевтың кандидатурасын ұсынып, ұсынысты қатысушылар бірауыздан бекітті.

"Бас Ассамблея мүшелеріне маған сенім артып, мен ұсынған кандидатты қолдағаны үшін алғыс айтамын. Әлімжан Ақаевты жаңа қызметке сайлануымен құттықтаймын. Оның жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен білімі алға қойылған мақсаттарға жетуге көмектесеріне сенемін", – деді Геннадий Головкин.

Әлімжан Ақаевтың мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі (Дрейк Университеті, Дес Мойнес, Айова штаты, АҚШ), Іскерлік басқару магистрі дәрежесі (Солтүстік Айова магистрі, Седар-Фоллс, Айова штаты, АҚШ), Сыртқы саясат саласындағы Мемлекеттік басқару дипломы (Ресей СІМ Дипломатиялық Академиясы, Мәскеу, РФ) бар.

2024 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан ҰОК президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети