Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Тағайындау

Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды 09 желтоқсан 2022, 09:25

Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Ғабидулла Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2010-2016 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, бұған дейін Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Қанатбек Жайсаңбаев 2021 жылы сәуірде Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram