15 маусым 2023 17:12

Қаныш Төлеушин цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаныш Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.


Қаныш Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қаныш Аманбайұлы Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қаныш Төлеушин 1983 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оксфорд Брукс университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады.

2004-2005 жылдары – "Темірбанк" АҚ филиалының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің маманы, бөлім меңгерушісі.

2006-2007 жылдары – "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Сауда-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриалық-инновациялық саясат департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2013-2016 жылдары – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасы.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети