08 желтоқсан 2022 10:19

Қайрат Балықбаев сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қайрат Балықбаев сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Қайрат Балықбаев сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы жекеменшік компанияның менеджері болып бастаған.

2006-2009 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарған. Әр жылдары жекеменшік ұйымдарда еңбек етті.

2011-2016 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.

2017-2018 жылдары - ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2021 жылдары - KazEnergy ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі.

2021 жылдың ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети