19 маусым 2023 13:00

Қазақстанның бірнеше қаласында полиция басшысы ауысты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

ІІМ қалалық полиция басқармасы басшылары лауазымына кандидаттарды қарады. Апта сайынғы брифингте жаңа тағайындаулар талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ қалалық полиция басқармасы басшылары лауазымына кандидаттарды қарады. Апта сайынғы брифингте жаңа тағайындаулар талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің бұйрығы бойынша, Қанат Ерәліұлы Сматов Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

Мадимаров Ардақ Тілегенұлы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жамбыл ауданы бойынша полиция бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық департаменттің криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Асқар Қоңырұлы Абдрахманов Орал қалалық Полиция басқармасының бастығы болды. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы полициясының Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Болат Сапарғалиұлы Иманов Қостанай Полиция басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Рудный қаласының полициясын басқарған.

Рудный қалалық ПБ бастығының бос лауазымына Қостанай облысы ПД Жергілікті Полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген Аманжол Мәмбетұлы Байзақов тағайындалды.

Баймурзин Орал Тұмырзаұлы Арқалық қалалық ПБ бастығы болды. Бұған дейін Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети