1. Басты
  2. Біл
  3. Тағайындау

Ләззат Сүйіндік АҚДМ Ақпарат комитетінің басшысы қызметінен босатылды 23 маусым 2021, 17:14

Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ләззат Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Шеффилд университетін тәмамдаған.

2008-2014 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық БАҚ басқармасының басшысы. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!