02 наурыз 2022 18:38

Ілияс Өсеров ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ілияс Усеров. Фото: primeminister.kz Ілияс Усеров. Фото: primeminister.kz

Ілияс Өсеров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ілияс Өсеров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Ілияс Ерікұлы Өсеров Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Бауыржан Омарбеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана Университетін бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы "Сбербанк" АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастаған.

2009-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдар атқарды.

2010-2013 жылдары - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2013-2014 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы.

2014-2015 жылдары - Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2015-2019 жылдары - Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған. 2019 жылдың мамырынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети