14 қаңтар 2022 11:53

Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, Марат Бекетаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың кеңесшісі болып тағайындалған.

Бұған дейін Марат Бекетаев жаңа әділет министрі Қанат Мусинге жұмыста табыс тілеп, жазба жариялағаны хабарланған болатын.

Марат Бекетаев 2016 жылдан бастап Қазақстанның Әділет министрлігін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети