12 тамыз 2022 10:46

Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы келді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Мамандығы - инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастаған.

2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жж. - Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметте болған.

2014-2018 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети