19 сәуір 2021 11:15

Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рапиль Жошыбаев Рапиль Жошыбаев

Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Қайрат Нұрпейісов Қырғызстандағы елші қызметінен босатылды.

Рәпіл Жошыбаев 1963 жылы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік университетін, Санкт-Петербург Экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Дипломатиялық мансабын 1993 жылы СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы ретінде бастаған. Қазақстанның Литвадағы елшілігінде жұмыс істеді. Президент Протоколы бастығының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі болды.

2004-2007 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, СІМ жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары лауазымдарын да атқарды. 2018-2019 жылдары "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын" басқарды.

Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған.

І санатты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети