07 тамыз 2023 16:26

Тимур Қарағойшин вице-министр қызметіне тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Тимур Қарағойшин ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тимур Қарағойшин ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында.

Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы бастаған.

1985-1991 жылдары — жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы.

1991-1994 жылдары — "Сәулет" Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры.

1994-1996 жылдары — БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.

1996-2001 жылдары — "Оралавтожол" қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары.

2001-2002 жылдары — ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры.

2002-2005 жылдары — БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м.а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.

2005-2007 жылдары — Орал қаласы әкімінің орынбасары.

2007-2008 жылдары — "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы.

2008 жылғы қазан-қараша аралығында — БҚО әкімінің кеңесшісі.

2009-2010 жылдары коммерциялық ұйымды басқарды.

2011 ж. қаңтар-шілде аралығында — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі.

2011-2013 жылдары — Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.

2013 жылғы сәуір-қараша аралығында — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы.

2013-2016 жылдары — "Мемсараптама" РМК бас директорының бірінші орынбасары; бас директорының м.а.

2016-2021 жылдары — "Мемсараптама" ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған.

2023 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети