01 қыркүйек 2021 16:33

Тоқаев ауыл шаруашылығы министрін тағайындады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Ақорда сайтында.

Ербол Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы болып, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктерінде әртүрлі қызметте жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2021 жылы 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың отставкаға кетуі керек екенін айтқан болатын.

Кейін ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров лауазымынан босатылды.

Ербол Қарашөкеев сол күні вице-министр - ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram