10 шілде 2021 13:33

Президент ауыл шаруашылығы министрін лауазымынан босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© parlam.kz © parlam.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сапархан Омаров 1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысында дүниеге келген. В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын және Қазақ мемлекеттік заң университетін экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының маманы қызметінен бастаған.

1996 жылдан 2007 жылдар аралығында - "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы, департамент директоры және басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2007 жылы - "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ-ның вице-президенті болды.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары. 2008-

2011 жылдары - Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігі Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011-2014 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының вице-министрі.

2016 жылдан бастап 2019 жыл аралығында - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети