03 тамыз 2021 22:07

Президент сынынан кейін қызметтен кеткен Сапархан Омаров жаңа лауазымға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сапархан Омаров. ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сапархан Омаров. ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мал қырылуынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынын естіп, орнын босатқан бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жаңа қызметке сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мал қырылуынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынын естіп, орнын босатқан бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жаңа қызметке сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"С. Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы биылғы 28 шілдедегі № 227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды", - делінген АШМ хабарламасында.

Айта кетейік, 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Омаровтың жұмысын сынаған. Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы мал қырылуына байланысты Сапархан Омаров отставкаға кетуі керегін мәлімдеген. 

"Министрлік пен әкімдіктер қажетті шаралар қабылдамады. Дәйекті және нақты жұмыс жүргізілген жоқ. Олардың кінәсінен біздің ауыл шаруашылығы үмітсіз жағдайға тап болды. Кері байланыс болмағандықтан фермерлер тікелей маған көмек сұрауға мәжбүр болды", - деген еді Президент.

Кейін Ақорда сайтында Омаровтың қызметтен босатылғаны туралы хабарлама пайда болды. 

Омаров ауыл шаруашылығы министрлігін 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап басқарды. Бұрын ол Мәжіліс депутаты болған.

Мұның алдында құрғақшылық салдарынан бірнеше аймақта мал қырылғанын хабарлаған едік. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Маңғыстау және Қызылорда облыстары ең көп зардап шекті. Мал азығы қымбаттаған.

Ауыл шаруашылығындағы жағдайға байланысты бірқатар сарапшы мал басының жаппай азаюына байланысты мал шаруашылығы өнімдерінің қымбаттағанын мәлімдеді. "Бағаның өсуі бүкіл халықтың қалтасына тиеді, ал жағдайды түзетуге кеш болады", - деп пікір білдірген еді мамандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети