21 қазан 2021 10:51

Тоқаев ауыс-түйіс жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда сайтынан Фото: Ақорда сайтынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақорда" сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақорда" сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша:

  • Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети