18 сәуір 2023 10:47

Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мағжан Ілясов, Қайрат Саржанов. Фото:gov.kz Мағжан Ілясов, Қайрат Саржанов. Фото:gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоанының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі ауысқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети