19 сәуір 2021 11:03

Тоқаев Қазақстанның Еуропалық Одақтағы өкілдігі басшысын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуроодақтағы өкілдігі басшысын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуроодақтағы өкілдігі басшысын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Марғұлан Баймұхан 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Польшада Краков экономикалық университетін және Канаданың Ванкувер университетін бітірген. Халықаралық басқаруда ғылым магистр, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын Daewoo Electronics компаниясында маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджер болып бастады. 1997 жылы River System Ltd компаниясының Польшадағы экспорт бөлімінде маман, кеңесші, аймақтық директор (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) болып жұмыс істеді.

1999 жылдан бері дипломатиялық қызметте. СІМ орталық аппаратында түрлі лауазымдарды атқарды. Қазақстанның Польшадағы елшілігінде жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның Польшадағы елшісі болды.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

II санатты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети