09 желтоқсан 2022 08:37

Тоқаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарын қызметінен босатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мәлік Мырзалин Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мәлік Мырзалин Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

1971 жылғы 31 қазанда Ақтөбе қаласында туған. 1996 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде бастаған.

1996-2004 жылдары – Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы.

2004-2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, әкім орынбасары, бірінші орынбасары.

2008-2009 жылдары – "Нұр-Отан" ХДП орталық аппараты басшысының орынбасары, Астана қаласы.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы аппаратының басшысы.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы.

2013-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары.

2017-2019 жылдары – Ақмола облысының әкімі.

2019 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

"Парасат" (2021 жылы), "Құрмет" (2014 жылы) ордендерімен және "Ерен еңбегі үшін" (2005 жылы) медалімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети