22 тамыз 2023 11:10

Ұлытау облысының прокуроры тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Жасұлан Еламанов Ұлытау облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жасұлан Еламанов Ұлытау облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жасұлан Бекмырзаұлы Еламанов Ұлытау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жасұлан Еламанов 1977 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Алматы қаласы прокуратурасында Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болған.

Одан бөлек, Алматы облысы Ескелді ауданының прокуроры, Жамбыл облысы Қордай ауданының, Тараз қаласының прокуроры, Қызылорда облысы прокурорының және Бас көлік прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейінгі қызметі - Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети