1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ресей

Ефремовке қарсы тағы бір іс қозғалды 23 қараша 2020, 09:54

Ресейлік актер Михаил Ефремовке қарсы тағы бір іс қозғалды. Апаттан қаза тапқан курьер Сергей Захаровтың туыстары оны жерлеуге өтемақы сұрап
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Ресейлік актер Михаил Ефремовке қарсы тағы бір іс қозғалды. Апаттан қаза тапқан курьер Сергей Захаровтың туыстары оны жерлеуге өтемақы сұрап отыр. Бұл туралы жәбірленушілердің өкілі Александр Добровинский айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл іс бойынша алдын ала сот отырысы 23 қарашаға Мәскеу уақытымен 14:00-ге жоспарланған.

Добровинскийдің айтуынша, сот Ефремов үстінен моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы жазылған арызды қарайды. Бірінші бөлімі - үш миллион рубль, бұл ақшаны актер Захаровтың жесіріне, бауыры мен кенже ұлына төлеген. Ал екінші бөлім - 111 мың рубль, бұл жерлеуді ұйымдастыруда кеткен шығын.

Бұған дейін адвокат арызды қайтарып алмайтынын, жерлеу шығындары өтелген жағдайда, бітімгершілік келісіміне қол қоюға дайын екенін айтқан болатын.

Еске салайық, 8 маусымда кешке Мәскеу орталығында Ефремов мас күйде Jeep Grand Cherokee көлігін басқарып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada фургонына соққан. Фургон жүргізушісі, интернет-дүкен курьері Сергей Захаров ауруханада қайтыс болған.

Атышулы сот процесінің нәтижесінде Пресненский соты Ефремовтә жалпы режимдегі колонияда 8 жылға сотталған, содан кейін Мәскеу қалалық соты мерзімді 7 жарым жылға дейін қысқартқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!