Жұмысшылары сүтке шомылған Омбыдағы ірімшік зауыты жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмысшылары сүтке шомылған Омбыдағы ірімшік зауыты жабылды ©Rg.ru

"Сыры" сауда үйі" ААҚ қызметкерлерінің сүтке шомылуы туралы жанжалдан соң ресейлік фабриканың жұмысы жоспардан тыс тексеруге жабылды, - деп хабарлайды "РИА Новости".  Еске салайық, сүтке шомылған кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік желілердегі фотосуреттері Омбы тұрғындарының наразылығын туғызған болатын. "Роспотребнадзор"-дың Омбы облысы бойынша басқармасы заңнамалардың өрескел бұзылғанын әшкереледі.

Тексерістің алдын ала нәтижесіне қарағанда, "Косичка" ірімшігінің шикізаты сақталатын ғимаратта жөндеу жүргізілген. "Өндірістік, тұрмыстық бөлмелердің санитарлық-техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, технологиялық процестің үздіксіздігі бұзылған, кәсіпорын санитарлық нормалардың талабына сай келмейді", - деп хабарлады "Роспотребнадзор" өкілдері. Кәсіпорында қызметкерлерге қатысты жеке бас гигиенасы талаптарының бұзылғаны да анықталды. Тексеріс материалдары сот органдарына берілді.

Омбы қаласының тұрғындары кәсіпорын жұмысшылары шомылған сүтті далаға тастамай, өндіріске қолдануы мүмкін деп қауіптенеді. Тұрғындардың пікірінше, ол өнімнен ірімшіктің жасалуы және сауда орындарына жіберілуі кәдік. Айта кетейік, сүтке шомылған жұмысшылар өздерінің өнімді қалай әзірлейтіні түсірілген бейнежазбаны да жария еткен болатын. 

Подробнее:https://tengrinews.kz/russia/posle-skandala-s-kupaniem-v-moloke-zakryili-omskiy-zavod-syiryi-252635/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети