Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қызметкерлер ірімшік жасалатын сүтке шомылған

26 Наурыз 2014, 08:42
0
Сурет lifenews.ru сайтынан алынған
Сурет lifenews.ru сайтынан алынған
"Ресейдің Омск қаласындағы ірімшік жасайтын фабрика төңірегінде дау шықты. Жергілікті тұрғындар бақылаушы органдардан фабрика қызметіне тексеру жүргізуді өтінген. Әлеуметтік желідегі фабрика қызметкерлерінің жұмыс орнында ірімшік жасалатын сүтке шомылып жатқан суреті олардың ашу-ызасын туғызған" деп хабарлайды Tengrinews.kz Life News ақпарат құралына сілтеме жасап.

Бұл суретті фабрика қызметкері Артем Романов түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Бір мереке кезінде бір цехта жұмыс істейтін достар сүтке шомылуды ұйғарып, сүт толтырылған ваннаға түскен. Ал, фабрикада дәл сол сүттен даңқты Косичка ірімшігі жасалады.

Жұмыскерлер тек суретке түсіп қана қоймай, бұл жағдайды бейнетаспаға да жазып, әлеуметтік желіге салған. Олардың бұл әрекеті адамилыққа да, санитарлық нормаға да жат екені, айтпаса да, түсінікті.

Енді Роспотребнадзор қызметкерлері фабрикаға тексеру жүргізіп, жұмысшылар шомылған сүттің қандай мақсатта пайдаланылғанын анықтайтын болады. Ал жергілікті тұрғындар «ол сүт өндіріске жұмсалған болуы керек» деп алаңдаушылық білдіріп отыр.






Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай