Путин ЕАЭО-ны бекіту туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин ЕАЭО-ны бекіту туралы заңға қол қойды ©Tengrinews иллюстрациясы

Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) бекіту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) бекіту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы президент билік өкілдерімен кездесу барысында айтты. "Бүгін мен Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) бекіту туралы Федералды заңға қол қойдым. Бұл біздің ең жақын әріптестерімізбен және одақтастарымызбен ықпалдасу үшін айтулы кезең", - деді Путин. 

Еске салайық, ЕАЭО туралы құжатқа Кеден одағы және Біріккен экономикалық кеңістіктен кейінгі Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы ықпалдасудың келесі кезеңі ретінде Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері мамыр айында Астанадағы кездесу барысында қол қойған

Бұған дейін Қазақстан Парламент Мәжілісі депутаттарының пленарлық отырсында  ЕАЭО-ны бекіту туралы келісім мақұлданған. Жаңа одақтың арқасында тауар айналымының еркіндігі, қызмет көрсету, капитал мен жұмыс күші, үйлестірілген жиындар өткізу, экономика саласындағы келіскен немесе жеке саясатты қалыптастыру, халықаралық немесе біржақты келісімдерді жасау мүмкін болады. Келісімнің негізгі мақсаты елдегі экономиканы тұрақты түрде дамытып, халықтың өмір сүру мүмкіндігін жоғарылату, нарықтағы тауар айналымы мен қызметін бір жүйеге келтіру, капитал мен еңбек күштері, жан-жақты модернизация, кооперация және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.  

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети