28 желтоқсан 2021 17:12

Путин Назарбаевқа: Сізге алғысымыз зор

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: kremlin.ru Сурет: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясы үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясы үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Сізді Ресейде, Петербургте көргенімізге қатты қуаныштымыз. Келгеніңізге рақмет. ЕАЭО-ны дамыту бойынша әріптестерімізбен жиналған кезде әрқашан бұл идеяның Сізге тиесілі екенін еске түсіретінімізді айта кету керек. Осы одақтың бастамашысы болғаныңыз үшін Сізге алғысымыз зор", - деді Путин.

Ол пандемия жағдайында бүкіл әлемде өндіріс деңгейі төмендегенде, ЕАЭО шеңберінде бұрын пысықталған тетіктер мен құралдар тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты. Путин Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы да айтты. Оның айтуынша, өткен жылғы күрделі кезеңде экономика құлдырауына жол берілмеген (4 пайыз), ал биыл өсім 30 пайыздан асқан. "Бұл - бірлескен қызметіміздің өте маңызды нәтижесі", - деді Ресей президенті.

"Өз тарапымнан сіздерді және бүкіл Қазақстанды келе жатқан мерекемен құттықтаймын", - деді Путин.

Нұрсұлтан Назарбаев 27 желтоқсанда ТМД-ға мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барды.

Бұған дейін Санкт-Петербургте Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесуі басталғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети