23 қаңтар 2014 18:59

"Рэкетир" жұлдызы "Обочина-2" фильміне түспек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cаят Исембаев. Фото кино түсірушілер тобынан алынды Cаят Исембаев. Фото кино түсірушілер тобынан алынды

Ақан Сатаевтың "Рэкетир" фильмі арқылы танылған қазақстандық актер Саят Исембаев ресейлік режиссер Юрий Спиридоновтың "Обочина-2: Кадет" картинасында рөлдердің бірін ойнайтын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұқбатында фильмнің режиссері әрі продюсері хабарлады. "Сайттардың бірінен актерлер базасын қарап отырып, Саят Исембаевқа назарым ауды. Сөйтіп Саятты тауып алған соң екі күндік келісімдерден кейін ол рөлге бекітілді" – дейді режиссер. "Аталған картина балалар үйінде өскен ұл баланың тағдыры туралы "Обочина" фильмінің жалғасы. Осы баланың әскери достары жайындағы "Обочина-2: Кадет" фильмі Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Израиль және Палестина елдерінде түсіріледі. Фильмде Кеңес әскерінде бірге борышын өтеген, Ауғанстанда бірге соғысқан жігіттердің достығы көрсетіледі. Арада 25 жыл өткен соң олар өздерінің командирлеріне көмектесуге және біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесу үшін бас қосады" деп қысқаша мағұлмат берді Ю.Спиридонов. Сондай-ақ "Обочина-2: Кадет" фильмінде басты рөлдердің бірін тағы бір қазақстандық Дамир Тұрабеков ойнайды. Режиссердің айтуынша тағы қосымша рөлдерге әлі кастинг жалғасуда. Кез келген қазақстандық киноға түскісі келсе, өзінің өтінішін casting_film_cadet@mail.ru. мекен-жайына жіберуге болады. "Обочина-2: Кадет" фильмі 2014 жылдың мамыр, маусым айларында түсіріледі. Картина 2016 жылы көрерменге ұсынылады деп жоспарлануда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети