20 маусым 2016 10:00

Ресей құрамасының спортшылары Рио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Халықаралық олимпиада комитеті Ресей құрамасының барлық спортшысын 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарынан шеттетуге қатысты мәселені қарастырады. Бұл туралы Eurosport Spiegel басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, Халықаралық олимпиада комитеті 21 маусымда арнайы жиын өткізеді. Олар отырыста Ресей Олимпиада комитетіне қатысты санкциялар салу мәселесін талқылайды. Отырыс тек жеңіл атлетика жайында емес, Ресей құрамасы спортшыларының ойыннан шеттетілуі жөнінде немесе жеке спорт түрі өкілдерін дисквалификациялау жөнінде болады. Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, жиынның алдында Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Владимир Путинмен кеңес өткізуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясы спортшыларын дисквалификациялау мен ресей жеңілатлеттерін халықаралық жарыстардан шеттетуді күшінде қалдырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети