Ресейде ескі көлікті қолма-қол саудалауға тыйым салу ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Bigpicture.ru ©Bigpicture.ru

Ресейде көлікті қолма-қол саудалауға тыйым салу ұсынылды, - деп хабарлайды Газета.Ru

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде көлікті қолма-қол саудалауға тыйым салу ұсынылды, - деп хабарлайды Газета.Ru

Бұл жобаны "Ресей автомобиль дилерлері" ассоциациясы көтеріп отыр. Бұл шараларда ескі көліктерді тек дилер орталықтарында сату қарастырылған. Ескі көліктердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында оларды сатудан бұрын дилер орталықтарында тексеру ұсынылып отыр.

Ассоциация басшысы Владимир Моженковтың айтуынша, ескі көлікті қолма-қол сатуға тыйым салудан бюджетке қосымша салық кірісі түседі. "Біз Ресей автонарығындағы ескі көліктердің айналымын жылына үш миллион рубльге бағалап отырмыз. Таяу уақытта ұсынысты РФ Сауда-өнеркәсіп министрлігіне жібереміз", - деп мәлімдеді Можеников. 

Еске сала кетейік, осыған ұқсас бастама Қазақстанда да көтерілген болатын. ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау Парламент Мәжілісі отырысының үзілісінде қазіргі уақытта Қазақстанға автокөліктерді тек ресми дилерлер арқылы ғана жеткізу мәселесі қаралып жатқанын айтты. "Ресейдегі әріптестерімізбен бірге бұл мәселені талқыладық. Мәскеуде кейбір даулы жайттар туралы келіссөздер жүргізілген кезде автокөлік өнеркәсібі бойынша да мәселелер қаралды", - деді Рау. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer