20 қаңтар 2014 14:52

Ресейлік актер мемлекеттік қызметкерлердің сексуалды ориентациясын тексеруді ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Марат Абилов© Фото Марат Абилов©

Ресейде актер Иван Охлобыстин мемлекеттік қызметкерлердің сексуалды ориентациясын тексеруді ұсынды деп хабарлайды Lifenews.ru. И.Охлобыстинның пікірінше, мемлекеттік қызметке үміткерлерді жұмысқа аларда олардың сексуалдық тұрғыдан қандай ерекшелігі барын анықтау қажет. "Мемлекеттік қызметке қабылданарда 1000 фактор бойынша, оның ішінде іскерлік тәртіптілігін де тексеру керек. Бұған дейін қандай қызметте болғанын да тексерген жөн. Бұл маңызды, өйткені ол адамдар өзгелердің тағдырын шешеді. Ал гомосексуалист, шын мәнінде, ауру адам. Ауру ғана болса, ештеңе емес. Олар, негізінен, бетімен кеткен адамдар ғой. Бұл - таза моральсыздық. ЛГБТ-қоғамдастық өкілдерін емдеу қажет", - деп мәлімдеді актер. Бұған дейін танымал әртістің Ресей Президенті Владимир Путинге ашық хат жазып, РФ Қылмыстық кодексіне "қызтекелік" үшін жазалайтын 121-бапты тез арада қайтаруды талап еткені хабарланған еді. Кейін Мемлекеттік думадағылар бұл идеяны пиар-акция деп тапты. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда да гомосексуализм үшін жаза қарастыру мәселесі Парламентте талқыланғалы жатыр. "Депутаттар еркекшоралық пен сексуалды-жыныстық саладағы басқа да ерекше жайттар үшін жауапкершілікке тарту мәселесін күн тәртібіне қойып отыр", - дейді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети