Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Серік Сұлтанғабиев тағы бір наградаға ұсынылады

09 Қазан 2014, 16:28
0
Серік Сұлтанғабиев. ©lifenews.ru
Серік Сұлтанғабиев. ©lifenews.ru

Лесной қаласы әскери бөлімінің командирі Серік Сұлтанғабиев тағы бір наградаға ұсынылады, - деп хабарлайды LifeNews. Еске салайық, Қазақстанда туған азамат өз кеудесін гранатаға тосып, кіші сержанттың өмірін құтқарып қалған болатын.

Полковник Серік Сұлтанғабиевті тағы бір медальға ұсынуды Свердлов облысындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Мерзлякова бастама етіп көтерді. Ол Сарбаз аналары комитетімен бірге Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Элла Памфилованың атына қаһарманды қосымша ынталандыруды сұрап, ұсыныс әзірледі. 

"Спешите делать добро" деп аталатын медаль 2005 жылдан бері табыс етіледі. Марапатқа тамаша мамандар, ең қиын жағдайда адам өмірін құтқарған батырлар ұсынылады. Қысқасын айтқанда, кішіпейілдігімен, жақындарына деген сүйіспеншілігімен, қайырымдылығымен көзге түскен адамдарға беріледі. Полковник Серік Сұлтанғабиев, біздің ойымызша, сондай адам", - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының өкілдері. Бұған дейін РФ ІІМ ішкі әскері Орал өңірлік қолбасшылығы Мәскеуге Серік Сұлтанғабиевті Ерлік орденімен марапаттау жөнінде ұсыныс жолдаған болатын. 

Еске сала кетейік, Сұлтанғабиев 25 қыркүйек күні ерлік жасаған еді. Әскери граната атқылау кезінде кіші сержант қолынан гранатасын түсіріп алды. Серік Сұлтанғабиев алғашқы секундтарда-ақ әскери қызметшіні итеріп жіберіп, гранатаны кеудесімен бүркемеледі, ол жарықшақтан ауыр жарақат алды. Кіші сержант зардап шеккен жоқ. Тергеушілер оған қатысты қылмыстық іс қозғады. "Төңіректегілерге аса жоғары қауіп туғызатын қару-жарақтар мен заттарды ұстау ережесін бұзу" бабы бойынша ең жоғарғы жаза - әскери қызметтен шеттету немесе тәртіптік әскери бөлімге екі жылға қамау.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай