Сайлау-2022: Алматыда тіркеуі жоқ қазақстандықтар дауыс бере алады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент сайлауына қалада тіркеуі жоқ қазақстандықтар қатыса алады. Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президент сайлауына қалада тіркеуі жоқ қазақстандықтар қатыса алады. Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ӨКҚ спикері алматылықтар алдағы кезектен тыс президент сайлауында қалада тіркеуі бар-жоғына қарамастан дауыс бере алатынын еске салды. Сайлау күні әр ауданда арнайы учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді, онда дауыс беру үшін бір күнге тіркелуге болады. Келесі күні, яғни 21 қарашада жүйе сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркелген азаматтарды есептен шығарады.

Бұл ретте сайлаушылар дауыс беру күні сайлау учаскелерінде қызмет көрсетудің екі түрі болатынын ұмытпаған жөн.

"Біріншісі – сайлау учаскесі бойынша тіркеуде тұрған, бірақ өзін тізімнен таппаған сайлаушыларға арналған. Бізде тізімдер дауыс беруге 20 күн қалғанда шығарылады, 30 қазанда қағаз түрінде түсіріліп, сайлау учаскелеріне тапсырылды. Тізімдер учаскелерге берілгеннен кейін өзгерістер болуы мүмкін, адам тіркеуін өзгертуі мүмкін, басқа аймақтан осында тіркелу үшін көшуі мүмкін, ол 18 жасқа толуы мүмкін немесе тегі мен аты өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда сіз осы сайлаушының тізімде бар-жоғын және оның дауыс беруі үшін оны тізімге енгізу туралы комиссияның шешімін тексеруге мүмкіндік беретін қызметті пайдалана аласыз. Бұл тізімдер шығарылып қойғаннан кейін тіркелгендер үшін", - деді Асанова.

Екіншіден, сайлау күні 55 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оларға Алматыда тіркеуі болмаған жағдайда дауыс беруге болады. ҚР басқа өңірлерінде тіркелген азаматтарға дауыс бере алмайды. Басқа өңірлердің азаматтары есептен шығу куәлігін алу керек.

Жанна Асанова дауыс беру 20 қарашада сағат 20.00 кезінде аяқталатынын, одан кейін дауыс санау басталатынын айтты. Дауыс беру қорытындысы хаттамасы толтырылып, ол жоғары тұратын комиссияға беріледі. Сонымен қатар, Алматыда сайлауда 43 халықаралық байқаушы бақылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer