04 қараша 2021 12:33

"Смартфонмен оқу" - Арман Юсупов пен Мағжан Тілеуханов онлайн оқудың артықшылықтары туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онлайн оқудың қандай артықшылықтары бар? Қазақстандықтар ақылы интернет-курстарға сене ме? Интернетте оқуды таңдаған дұрыс па? Осы және басқа да сұрақтарға Tengrinews.kz порталындағы "Оnline мектеп" жобасы аясында "Поток Pro" онлайн-курсының негізін қалаушылар Арман Юсупов пен Мағжан Тілеуханов жауап берді.


Онлайн оқудың қандай артықшылықтары бар? Қазақстандықтар ақылы интернет-курстарға сене ме? Интернетте оқуды таңдаған дұрыс па? Осы және басқа да сұрақтарға Tengrinews.kz порталындағы "Оnline мектеп" жобасы аясында "Поток Pro" онлайн-курсының негізін қалаушылар Арман Юсупов пен Мағжан Тілеуханов жауап берді.

Маркетолог Мағжан Тілеуханов онлайн-курстар қолжетімді және тыңдаушы үшін ыңғайлы форматта жасалғандықтан жоғары сұранысқа ие болып отыр деп санайды.

"Пандемия осы саланың дамуына зор серпін берді. Адамдар жолға уақыт жұмсамай, үйде оқуға, жұмыс істеуге болатынын түсінді. Онлайн-оқу бағасымен де адамды тартады. Бұл формат офлайнға қарағанда әлдеқайда арзан. Мысалы, бірнеше спикері бар интернет-курс 21 мың теңге тұратын болса, осындай бір ғана тренингке бару екі есе қымбатқа түседі", - дейді ол.

Digital-продюсер, блогер Арман Юсуповтың айтуынша, "Поток Pro" жобасы онлайн-оқытудың қазақстандық сегментіне оң әсер етіп, жаңа деңгейге өсірді.

"Біз ұсынып отырғандай көлемді сабақтар әзірге елімізде ешкімде жоқ. 57 практик спикер, 540 видеосабақ, 850 дана үлестірме материал. Жеке платформамыз бар, кез келген уақытта кіруге болады, үй тапсырмасы берілерді, кураторлармен чат бар. Айына 5,5 мыңға жуық адам тіркейміз", - деді Арман Юсупов.

"Біз онлайн оқытуға жаңа стандарт енгізген сияқтымыз. Онлайн оқып, сұранысқа ие маман болу мүмкін екенін көрсетеміз. Ал платформаның қолжетімдігі студентке смартфонмен де оқуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақтардың пайдасына ғана емес, көзге жағымды болуы үшін де көп күш саламыз. Түсірілім орнын мұқият таңдаймыз. Тек сабақ түсірумен айналысатын жеке команда бар. Сондықтан біздің курстар сапасы жағынан ТМД нарығындағы басқа өнімдерден кем түспейді", - дейді Мағжан Тілеуханов.

Танымал блогер Арман Юсупов онлайн-оқыту бойынша бағдарлама әзірлеу кезінде командасы қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді.

"Алғашқы үш лек сәтті өткен соң, жазылым бойынша оқыту моделін жасадық. Адамдарға шамалап айына 1990 теңгеден төлеп, жаңа курстарды алу ұсынылды. Бірақ, өкінішке қарай, аудитория бұл модельді бағаламады. Тыңдаушыларға ай сайын 1990 теңге төлегеннен гөрі, бірден 21 мыңға сатып алған оңайырақ екен. Алайда жазылым моделі тиімдірек еді. Олардың карта есебінен алғаш рет ақша алынғанда, бізді алаяқтық жасады деп айыптады. Сондықтан осындай айыптаулар болмауы үшін бастапқы сату жүйесіне оралдық. Бұл қатеміз 120 миллион теңгеден аса шығын әкелді", - деп мәлімдеді Арман Юсупов.

Мағжан Тілеуханов қазіргі уақытта адамға барлығы қолжетімді кезде, оның бір нәрсеге деген қызығушылығын ояту қиын деп санайды.

"Онлайн курстар мен мектептер бойынша таңдау өте үлкен. Бәсекелестік артып келеді, онымен бірге талаптар да жоғарылады. Сондықтан студент нақ сізден үйренгісі келуі үшін сапа мен жаңашылдыққа әрдайым ұмтылу керек. Ақпарат түсініксіз, күрделі болмауы тиіс. Оны 13 жастағы оқушы да, 35 жастағы студент те бірдей оңай түсінуі қажет. Сурет, қаріп, түстер, сапа, кіріспе, интро - әр бөлшек маңызды", - дейді маркетолог.

Tengrinews.kz "Online мектеп" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. Оның аясында сайтта білім беру мен психология саласындағы мамандармен онлайн оқыту ерекшеліктері тақырыбында материалдар жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети