1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғылым-Бiлiм

2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделіктер енгізілмек

© uz24.uz © uz24.uz

2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңесте Астана қаласының қоғамдық ата-аналар кеңесінің басшысы Анар Түлебаева министрге өз ұсынысын айтты.

"Сіз белсенді интернет қолданушысысыз. Алайда білім беретін мекемелердің көбі әлеуметтік желіде ашық емес. Осы орайда ата-аналармен белсенді түрде байланыс орнату үшін бірыңғай интернет-ресурсын ашуыңызды ұсынамыз. Себебі ата-аналардың көбісінде мектептер мен балабақшаларда берілетін кеңестерді алуға уақыты болмай жатады. Ал қашықтықтан байланыс орнату тиімді болар еді", - деді Түлебаева.

"Қазақстанда осы күнге дейін 1000 мектепте электронды күнделік енгізілген. Біз келесі жылдың соңына дейін елдегі барлық 7,5 мың мектепті электронды күнделікпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, - деді министр.

Осыған дейін Қазақстанның қағаз күнделіктерден бас тартатыны хабарланған еді. Бұл жобаның құны 30 миллиард теңгені құрайды. Алайда мемлекет бұған ақша бөлмейді, себебі мұны инвесторлар қаржыландырады.