15 тамыз 2016 | 16:17

45 "Алтын белгі" иегері биыл грантсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

45 "Алтын белгі" иегері биыл білім беру грантын ала алмады. Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Ұлттық тестілеу орталығының берген жауабында айтылған.


Иконка комментария блок соц сети

45 "Алтын белгі" иегері биыл білім беру грантын ала алмады. Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Ұлттық тестілеу орталығының берген жауабында айтылған.

"Конкурсқа 2208 "Алтын белгі" иегері тапсырыс берген, олардың 45-і грантты жеңе алмады", - деді Тестілеу орталығының өкілдері. Сонымен қатар, орталықтың мәліметінше, 2015 жылы білім беру грантын 47 "Алтын белгі" иегері ала алмаған.

ҰТО-тың мәліметінше, "Алтын белгі" иегерлері мынадай мамандықтарды таңдаған: жалпы медицина; ақпараттық жүйелер; радиотехника және телекоммуникация; есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама; стоматология; автоматтандыру және басқару; шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі); есеп және аудит; менеджмент; қаржы; аударма ісі.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындардың басшылығымен бірлесіп, мемлекеттік гранттарды ала алмай қалған "Алтын белгі" иегерлерінің істерін жеке-жеке қарастырып, олардың ЖОО қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігін қарастырады. "Алтын белгі" иелеріне білім бергісі келетін топ-5 жоғарғы оқу-орындары, бұлар: әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университет, "Астана" медициналық университеті және Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті.

"Биыл 2059 "Алтын белгі" иегері оқуын еліміздің ЖОО-ларында жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып отыр. Көпшілік елімізде соңғы жылдары ндустриялық-инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді. Биыл да мемлекеттік гранттардың көп бөлігі аталған басымдықтарды жүзеге асыруды көздеп, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталып отыр", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 2016 жылы 10 тамызда щыққан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети