83 жастағы алматылық Томск жоғары оқу орнының магистратурасына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

83 жастағы алматылық Томск жоғары оқу орнының магистратурасына түсті Юрий Бойко. © livejournal.com

83 жастағы алматылық Юрий Бойко Томск политехникалық университетінің магистратурасына түсті. Зейнеткер электр энергетикасы дипломын алуға ниетті, - деп жазады "Экспресс К".

ПОДЕЛИТЬСЯ

83 жастағы алматылық Юрий Бойко Томск политехникалық университетінің магистратурасына түсті. Зейнеткер электр энергетикасы дипломын алуға ниетті, - деп жазады "Экспресс К".

Инженер-механик 20 жылдан бері алматылық "Агропромтехремонт" кәсіпорнын басқарып келеді, ал оған дейін 12 жыл бойы КСРО құрылыс және сәулет академиясында бас конструктор болған. "Мен магистратураға ұйықтамай, жетілу үшін түстім. Мен ресейлік жоғары оқу орнында қашықтан білім алғым келеді, жұмысты оқумен қатар алып жүремін. Мен тау өзендерінде СЭС тұрғыздым, олар 50 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мен Үлкен Алматы өзеніндегі электр станциясын, Талғар СЭС-ін және Қызылорда өңіріндегі жаңа тоғанды салдым", - дейді магистрант. Айта кетейік, Бойко ҰОС-ға да қатысқан. Соғыс басталғанда ол 10 жаста болыпты, бірақ ол сол кездің өзінде жау танкілерін атып түсірген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда оқу ақысын төлей алмаған зейнеткер-студенттің оқудан шығарылғалы жатқаны хабарланған болатын. Оған Оралдағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде оқу ақысының күрт көтерілуі себеп болды. Бұған дейін оқу ақысы 70 мың теңге болса, қазір 100 мың теңге төлеу керек. Ал оқу ақысын уақытында төлемеген студенттер оқудан шығады. 68 жастағы зейнеткер-студент осы оқу орынының заң факультетінде 4-курста оқиды. "Зейнетақым 30 мың теңге. Оқуды аяқтауыма екі жыл қалды. Мен тек бестік бағамен оқимын", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети